Наукометрия. Журнал іздеу жолдары

Құрметті зерттеушілер! Сіздердің назарларыңызға ғылыми мақалаларды  жариялауға арналған журналдарды іздеу үшін шетелдік баспалардың тегін құралдарын таңдауды ұсынамыз.

Барлық құралдарды пайдалану оңай. Дұрыс журналды табу үшін сізге ең аз ақпарат қажет – сіздің мақалаңыздың аннотациясы, кілт сөзіңіз немесе мақаланың атауы. Іздеу нәтижесінде  сіздің зеттеулеріңізге ұқсас мақалалар жариялайтын  журналдардың тізімдерін ұсынады. Сіздің міндетіңіз – ұсынылған тізімнен сіздің жарияланымыңызға ең қолайлы журналды таңдау. Таңдау кезінде келесі критерийлерге назар аударыңыз: импакт-фактор, CiteScore, квартильдер, процентильдер ғылыми қатаңдық, өңдеу сапасы, рецензенттер, журналдың редакциялық алқасы. Саны бар, сапасы жоқ журналдардан сақ болыңыз!!!





Facebook
Instagram