Тапсырыс арнайы «Тапсырыс бланкі» бойынша salemoffice қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.
- Тапсырыс жасалмас бұрын ең алдымен басылымның «Парасат» АББО-ның қорында барын немесе жоқ екенін электронды каталогтан тексеру қажет.
- Тапсырыста білім беру бағдарламасының және оқытылатын пән атауы толық көрсетілуі керек.
- Тапсырыс жасалған кезде бұл басылымның оқулық немесе ғылыми басылым екені көрсетілуі қажет.
- Тапсырыс жоғары мектеп оқытушыларымен келісіліп, жоғары мектеп жетекшісінің атынан жасалуы қажет. Одан әрі қарай «Парасат» АББО-ның директорымен, «Ақпараттық жүмыс басқармасы» басшысымен, «Ректор аппараты» басшысы, «Білім беру менеджменті және мониторинг басқармасы» басшысымен «Басқарма төрағасы – ректордың орынбасары, оқу жұмыстары жөніндегі проректормен» және «Басқарма төрағасы – ректордың орынбасары, стратегиялық даму және қаржы жөніндегі проректормен» келісілуі тиіс.
Қажеттілігі мен оқырман сұраныстарын ескере отырып, «Парасат» АББО тапсырыс жасалатын басылымдардың санына өзгерістер енгізуге құқылы.
Прайс-парақтар