
Coworking орталығы
Коворкинг центр
Coworking Center
Бұл жер 3 аймақтан тұрады: жеке жұмыс аймағында газет, журналдар оқуға болады, бірлескен жұмыс аймағында өз достарыңызбен идеяларыңызды талдап, жобаларыңызды жасай аласыз, семинарлар мен көпшілік шаралар аймағында ақын-жазушылармен кездесіп, түрлі шаралардың ортасында жүруіңізге мүмкіндік жасалған.
Оқу залы
Учебный зал
Study Hall
Оқу залында оқырмандарға барлық жағдай жасалған. Бұл жерден оқу және ғылыми әдебиеттер, ғылыми журналдар ашық қолжетімділікте пайдалана аласыз.
Абонементтер
Абонементы
Subscriptions
Оқу әдебиет абонементі Оқу әдебиеттер абонементінен оқу және ғылыми әдебиеттерді 1 семестр пайдалануға үйге ала аласыз.Көркем әдебиет абонементіБөлім қорында қазақ және әлемдік көркем әдебиет, психология және тарих саласынан кітаптар бар. Сіздер кітапты 2 аптаға қолыңызға ала аласыз.
Ақпараттық ресурстарды түзу бөлімі
Отдел формирования информационных ресурсов
Information Resources Department
Университет профилімен оқырмандар қажеттіктеріне сəйкес қорды жинақтайды. Оқу процесінде кітаппен қамтамасыз ету картотекасын толықтырып сараптап, жетіспейтін әдебиеттерді анықтайды. Сонымен қатар, мерзімді басылымдарға жазылуды қамтамасыз етеді.
Электрондық кітапхана
Электронная библиотека
Digital Library
Электрондық кітапханада компьютермен тегін жұмыс жасап, университет жазылатын деректер базаларымен және электрондық кітапхана, электрондық каталогты пайдалана аласыз.
Ғылыми — библиографиялық қызметі
Научно-библиографический сервис
Scientific & Bibliographic Service
БҚАТУ ғалымдарының еңбектерін жинақтап, библиографиялық көрсеткіштер, тізімдерді əзірлеп, анықтама жəне ақпараттандыру жұмысын орындайды. Оқырмандарға ақпарат іздестіру кезінде көмектеседі.


