Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «100 кітап» ұлттық сауалнама аясында таңдалған қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мұхтар Мағауиннің күрделі тарихи кезеңді арқау еткен «Аласапыран» атты туындысына арналған әдеби танымдық іс-шара өтті.
Шара барысында студенттер автордың өмір жолымен таныстырып, «Аласапыран» романын талдады. Университет студенті Серікқали Бақберген жазушы Мұхтар Мағауинге арнаған өзі шығарған өлеңін оқыды.
Әдеби шараға агрономия және ветеринария, индустриалды технологиялык, цифрлык экономика институттарының 1 курс студенттері катысты.
Шараны «Парасат» ақпараттық білім беру және Тілдерді дамыту орталықтары бірлесе ұйымдастырды.






