Деректер базасы

CAB Abstracts

CAB Abstracts – ауыл шаруашылығы және қолданбалы өмір туралы ғылымдарға арналған Ұлыбританияның CAB International баспасының мамандандырылған деректер базасы.

CAB Abstracts – бұл платформа арқылы 16 миллионнан астам ғылыми дерекке, 870000 – нан астам толық мәтінді журнал мақалаларына, 8000 – нан астам ғылыми журналдар, кітаптар және конференция жинақтарына, 120-дан астам елден, 50 тілдегі жарияланымдарға қол жеткізе аласыздар.

CABI Thesaurus (CABI терминдерінің реттелген сөздігі) арқылы толық пәндік индекстеу – бұл іздеуді жеңілдетіп, өзекті зерттеулерге дәл қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Платформаның мекенжайы: CABI Digital Library — Home

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың Интернетке қосылу мүмкіндігі бар, барлық компьютерлерінен қол жеткізу қамтамасыз етілген.

Қолжетімділік мерзімі: 17.10.2026


Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Ғылыми кітапхана

15.11.2022 жылғы шарт негізінде бізге Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің электрондық кітапханасына қолжетімділік ашылды. Электрондық кітапхана төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді. http://lib.kaznaru.edu.kz/?dbid=ECAT, https://kaznaru.elib.kz/ru/search/

Мына сілтемеге кіру үшін: https://kaznaru.elib.kz/ru/search / электрондық кітапхана залында логин мен пароль алу қажет.


ЭКЖ «Альманах»

ЭКЖ «Альманах» – бұл білімнің барлық салаларында күнделікті қолжетімді және жаңартылатын 9000-нан астам кітаптан тұратын жоғары сапалы білім беру контенті. «Альманах» баспасы – ол білімге кез келген жерден кез келген уақытта қол жеткізу мүмкіндігі.

Платформаның мекенжайы:

http://www.almanah-library.kz/

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың Интернетке қосылу мүмкіндігі бар, барлық компьютерлерінен қол жеткізу қамтамасыз етілген. Логин мен парольді алу үшін электрондық ресурстар залына хабарласыңыз.

Қолжетімділік мерзімі 31.12.2029


1

WILEY

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұлттық жазылымы аясында  Wiley Online Library баспасының толық мәтінді журналдары қолжетімді.

Wileyдің ұраны – «Бүгінгі зерттеу, ертеңгі инновация».

Мұнда Wiley өнімдері туралы, білім беру, академиялық және кәсіби зерттеу кеңістігіндегі жаңалықтар мен жаңартуларды, кеңестер мен т.б. қолдау материалдарын таба аласыз.

Әртүрлі білім саласындағы 1700-ге жуық журналдардан 7 миллионға жуық мақалалар қолжетімді.1000-нан астам журнал атаулары импакт-факторға ие. Көптеген Wiley журналдары Web of Science және Scopus арқылы индекстелген.

Қосымша материалдарды, ғылыми мақалаларды жариялау, ғылыми ақпаратты іздеу тақырыбына арналған вебинарлардың жазбаларын, сондай-ақ Wiley баспасының ресурстары мен ғылыми мазмұны туралы жалпы ақпаратты YouTube орыс тілді арнасынан көруге болады.

https://clck.ru/34Yb7X

Платформа мекенжайы: https://onlinelibrary.wiley.com/

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың Интернетке қосылу мүмкіндігі бар барлық компьютерлерінен қолжетімді. Қашықтан қолжеткізу үшін сіз университет аумағындағы компьютерден  тіркелуіңіз керек. Кіру мерзімі 60 күн, мерзім аяқталғаннан кейін университет аумағындағы кез-келген компьютерден дерекқорға қайтадан кіруден өту керек.

Қолжетімді мерзімі 31.12.2025


Scopus

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі орталықтандырылған (ұлттық) жазылу аясында Эльзевир Scopus тезистері мен дәйексөздерінің әлемдегі ең ірі рефераттық дерекқоры

Scopus — деректерді қадағалау, талдау және визуализациялау үшін кірістірілген библиометриялық құралдары бар рецензияланған ғылыми әдебиеттерге арналған рефераттар мен дәйексөздерді қамтитын ең үлкен дерекқор. Scopus дерекқорында 25 100-ден астам атауы бар халықаралық баспалар кіреді,соның ішінде 5 000 жуық жаратылыстану, әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар, технология, медициналық және өнер салаларындағы баспаларды қамтиды. Scopus 1788 жылдан бері 77,8 миллионнан астам жазбаны қамтиды, олардың 71,2 миллионнан астамында 1970 және одан кейінгі басылымдарға сілтемелер бар; ұйымдардың шамамен 70 мың профилі және 16 миллион авторлық профиль кіреді.

Платформа мекенжайы: https://www.scopus.com

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың Интернетке қосылу мүмкіндігі бар, барлық компьютерлерінен қол жеткізу қамтамасыз етілген. Қашықтан қол жеткізу үшін корпоративтік поштаңызбен тіркелесіз .

Қолжетімділік мерзімі 31.12.2025


Web of Science

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі орталықтандырылған (ұлттық) жазылым аясында Web of Scienceхалықаралық деректер базаларына қол жеткізуді ұсынады. Web of Science — Clarivate компаниясының өнімі. Осы платформа арқылы біз келесі дерекқорларға қол жеткізе аламыз: Web of Science Core Collection (1975 жылдан бастап), KCIKorean Journal Database (Корея журналдарының дерекқоры) (1980 жылдан бастап), SciELO Citation Index (Латын Америкасы, Португалия, Испания және Оңтүстік Африка журналдары) (2002 жылдан бастап), Derwent Innovations Index (1966 жылдан қазіргі уақытқа дейін), Grants Index (1953 жылдан қазіргі уақытқа дейін), Preprint Citation Index (1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін), Policy Citation Index (1950 жылдан қазіргі уақытқа дейін), ProQuestDissertations & Theses Citation Index (1637 жылдан қазіргі уақытқа дейін), Барлық дерекқорлар (All Databases) (1637 жылдан қазіргі уақытқа дейін). Бұл платформалар арқылы бүкіл әлем бойынша ғылыми журналдар, кітаптар және конференция материалдары бойынша іздеу жүргізуге, сондай-ақ барлық салалар мен дәйексөз желілері бойынша шарлауға болады.Вебинарлар мен жаңалықтар туралы қосымша ақпаратты мына сілтеме арқылы таба аласыз:
https://clarivate.libguides.com/CA

Платформа мекен-жайы: https://www.webofscience.com/wos/woscc/basic-search

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың Интернетке қосылу мүмкіндігі бар, барлық компьютерлерінен қол жеткізу қамтамасыз етілген. Қашықтан қол жеткізу үшін сіз университет аумағындағы компьютерден  тіркелуіңіз керек.

Қолжетімділік мерзімі 31.12.2025


ScienceDirect

ScienceDirect Эльзевир компаниясының толық мәтінді мәліметтер базасы, ең ірі  ғылыми-техникалық және медициналық басылымдардын интеллектуалды, интуитивті мүмкіндіктермен біріктіре отыра, осылайша пайдаланушылар өз салаларында ақпарат алып, тиімді жұмыс істей алады.

Платформа мекенжайы: https://www.sciencedirect.com/

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың Интернетке қосылу мүмкіндігі барлық компьютерлерінен қолжетімділік қамтамасыз етілген. Қашықтан қол жеткізу үшін Электрондық ресурстар залына хабарласыңыз.

Ашық журналдар қол жетімді


РМЭБ

Республикалық жоғары оқу аралық электрондық кітапхана – Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының электрондық білім беру ресурстарын бірыңғай ақпараттық жүйеге біріктіретін мәліметтер базасы.

Жобаның мақсаты: ғылым мен білімнің электронды ресурстарын кешенді дамыту, қазақстандық ғылыми басылымдарды насихаттау.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ «Парасат» АББО  РЖООАЭК мүшесі болып табылады және өз пайдаланушыларына Қазақстанның 100-ден астам жоғары оқу орындарыныңкітапханаларынан 80 400-ден астам электронды басылымдарды ұсына алады.

Платформаның мекенжайы:http://rmebrk.kz

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың Интернетке қосылу мүмкіндігі бар барлық компьютерлерінен қол жеткізуге болады.

Қолжетімді мерзімі 31.12.2025


ЭБС «Лань»

 «Лань» – электронды кітапхана жүйесінің ресурсы, бұл «Лань» баспасынан шыққан кітаптардың электронды нұсқасы және басқа да жетекші баспалардың, сондай-ақ жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша мерзімді басылымдардың электронды нұсқалары кіреді. Биылғы жылғы жазылу бойынша «Лань» баспасының «Аграрлық университеттерге арналған бірыңғай кәсібі білім», «Білім зертханасы» баспасының «Оқу робототехникасы» ЭБС Лань электронды базысына қолжетімді.
«Лань» ЭКЖ жүйесінде жұмыс істеу үшін тек дербес компьютерді пайдалану қажет емес, сіз «Лань»ЭКЖ мобильді қосымшасын iOS және Android жүйесімен жұмыс істейтін кез келген смартфонға немесе планшетке тегін жүктеп алып, орната аласыз. Мобильді қосымша кітаптарды жүктеп алуға және Интернетке қосылмай оқуға мүмкіндік береді, визуалды емес оқу қызметінде «сөйлейтін» кітаптарды тыңдауға болады. (көзі көрмейтін және нашар көретін пайдаланушылар үшін).

Платформа мекенжайы: https://e.lanbook.com/books.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың Интернетке қосылу мүмкіндігі бар, барлық компьютерлерінен қол жеткізу қамтамасыз етілген. Қашықтан қолжеткізу үшін сіз университет аумағындағы компьютерден тіркелуіңіз керек.

Қолжетімділік мерзімі: 23.12.2025


СЭБ «Лань»

 «Лань» желілік электронды кітапханасы – жоғары оқу орындарының бірлестігі болып табылады, осының аясында университеттердің баспаларынан шығатын ғылыми және оқу әдебиеттеріне тегін  қол жеткізуге мүмкіндік алады. «Лань» желілік электронды кітапханасы жобасына  ресейлік жоғары оқу орындарымен бірге, Беларусь Республикасының жоғары оқу орындары, сонымен қатар Қазақстанның екі университеті: Жәңгір хан атындағы  БҚАТУ және Сәкен Сейфуллин атындағы ҚАТУ қатысады. Жоба аясында қатысушыларға университет жанындағы баспалардан шығарылған ғылыми және оқу әдебиеттерін орналастырады. Желілік электронды кітапхана консорциумына салалық желілік электронды кітапханалар біріктірілді. Осылайша, біздің университет осы қауымдастыққа кіретін университеттердің ішінде тек негізгі профилі бойынша ғана емес, білімнің барлық саласы бойынша шығарылған әдебиеттерге тегін қол жеткізе алады. Біздің университет «Лань» баспасының коллекциясына жазылып қана қоймай, осы жобаға қатысу арқылы  қосымша 406 университеттің 81 500 атау электронды басылымдарына қол жеткізе алады.

Платформа мекенжайы:https://e.lanbook.com/

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың Интернетке қосылу мүмкіндігі бар, барлық компьютерлерінен қол жеткізу қамтамасыз етілген. Қашықтан қол жеткізу үшін сіз университет аумағындағы компьютерден  тіркелуіңіз керек.

Мерзімі шектеусіз


eLIBRARY.RU

eLIBRARY.RU ғылыми электронды кітапхана – бұл ғылым, технология, медицина және білім беру саласындағы 38 миллионнан астам ғылыми жарияланымдар мен патенттердің рефераттары мен толық мәтіндер,соның ішінде 5600-ден астам ресейлік ғылыми-техникалық журналдардың электронды нұсқаларын қамтитын аса ірі ресейлік ақпараттық талдау порталы, оның ішіндегі 4 500-ден астам журнал ашық қол жетімділікте

Жәңгір хан атындағы  Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті толық мәтінді электронды нұсқадағы 118 ресейлік журналдарға жазылды.

Платформаның мекенжайы: https://www.elibrary.ru                           

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың Интернетке қосылу мүмкіндігі бар, барлық компьютерлерінен қол жеткізу қамтамасыз етілген. Қашықтан қолжеткізу үшін сіз университет аумағындағы компьютерден тіркелуіңіз керек.

Мерзімі шектеусіз


АРБИКОН

«Парасат» АББО – қашықтағы кітапханалардың ресурстарын пайдалануға мүмкіндік беретін Кітапхана консорциумдарының аймақтық қауымдастығының (АРБИКОН) мүшесі, «МАРС» және «ҚЭЖ»  халықаралық жобаларының қатысушысы. Ресей кітапханаларының мерзімді басылымдарының жиынтық каталогы 7500-ден астам ресейлік журналдардан қажетті тақырып бойынша журнал мақаласын табуға және ҚЭЖ (құжаттарды электронды жеткізу) алуға мүмкіндік береді. 

Платформаның мекенжайы: https://arbicon.ru/

Бұл порталдың  пайдаланушылары тек қатысушылар болып табылады, сондықтан сізге қажетті мақалаға тапсырысты «Парасат» АББО-на,  Электрондық кітапхана, 3-қабат,  оnline және offline режимінде беруге болады. Тел. – 2-61. E-mail: library@wkau.kz