Университет туралы басылымдар

Жәңгір хан университетіне 60 жыл: (1963-2023). Тарих. Дәстүр. Жаңашылдық / ред. А. М. Наметов. – Орал : Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, 2023. – 356 б.

Кітапта еліміздің батыс өңіріндегі ірі аграрлық-техникалық білім ордасы – Жәңгір хан атындағы БҚАТУ 60 жылдық қалыптасу және даму тарихы, қазіргі ахуалы мен болашақтағы даму бағыт-бағдарлары жөнінде баяндалады. Бұл мерейтойлық жинақ Қазақстан Республикасындағы жоғары аграрлық және техникалық білім берудің тарихына, ұжымның іс-тәжірибиесі мен жетістіктеріне қызығушылық білдірушы барша оқырман қауымға арналған.


Жәңгір ханның сара жолы / ред. А. М. Наметов. – Орал : Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, 2023. – 248 б.

Кітапта Жәңгір хан атындағы БҚАТУ тарихында елеулі із қалдырып, оның қарқынды дамуын қамтамасыз еткен, бүгінгі күні ұстаздық қызметін жалғастырып жүрген зейнеткерлер-ардагер ұстаздардың өмірі мен қызметі, әкімшілік-басқару құрамындағы жетекші лауазымдағы оқытушылардың және университет мақтанышы-түлектердің мемлекет пен өңір экономикасының дамуына қосқан үлестері туралы баяндалған.Университеттің 60 жылдығына орай шығарылған жинақ барша оқырман қауымға арналаған.


Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне 50 жыл. ЖЫЛДАР. ТҰЛҒАЛАР. ЖЕТІСТІКТЕР (1963-2013 жж.) / ред. Қ. Қ. Бозымов [и др.]. – Орал : Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, 2013. – 346 б.

Кітап Қазақстан Республикасы мен еліміздің батыс өңіріндегі ірі аграрлық-техникалық білім ордасы – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 50-жылдық қалыптасу және даму тарихы, қазіргі ахуалы және болашақтағы даму перспективалары туралы баяндалады.


Западно-Казахстанский аграрно-технический университет имени Жангир хана. 50 лет.: ГОДЫ. ЛИЧНОСТИ. ДОСТИЖЕНИЯ (1963-2013гг.) / ред. К. К. Бозымов [и др.]. – Уральск : ЗКАТУ имени Жангир хана, 2013. – 329 с.

Книга повествует о 50-летней истории становления и развития, современном состоянии и перспективах крупнейшего аграрно-технического вуза Республики Казахстан и западного региона страны – Западно-Казахстанского аграрно-технического университета имени Жангир хана.


БҚАТУ тарихындағы тұлғалар : анықтамалық -История ЗКАТУ в лицах: справочник / ред. Қ. Қ. Бозымов [и др.]. – Орал : Жәңгір хан атындағы БҚАТУ РББ, 2013. – 168 б.

Университеттің 50 жылдық мерейтойына арналған анықтамалығына оқу орнының қалыптасуы мен дамуына, жастарға білім беріп, білікті мамандар даярлауға үлкен үлес қосқан ғалымдар мен оқытушылардың өмірбаяндары мен жетістіктері туралы қысқаша мәліметтер енгізілген.


Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті ғалымдарының ғылыми еңбектерінің библиографиялық көрсеткіші = Библиографический указатель научных работ ученых Западно-Казахстанского аграрно-технического университета имени Жангир хана. – Орал : Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, 2013. – 353 б. – қазақша, орысша.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті ғалымдарының ғылыми еңбектерінің библиографиялық көрсеткішінің алтыншы шығарылымында 2008-2012 жылдар қамтылған. Басылымға ғылыми конференция жинақтары, оқулықтар, оқу құралдары және монографиялар, электрондық оқулықтар, ғылыми мақалалар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер, диссертация авторефераттары, магистрлік рефераттар, патенттер, университет тарихы, ғалымдары, студент жастары туралы мәліметтер енгізілген.


Западно-Казахстанский аграрно-технический университет имени Жангир хана: история и современность (1963-2008 гг.) / К. К. Бозымов [и др.]. – Туркестан: МКТУ им. А.Ясауи, 2008. – 244 с.

 Книга посвящена 45-летней истории становления, современному состоянию и перспективам ЗКАТУ им.Жангир хана – крупнейшему аграрно-техническому вузу Республики Казахстан. Предназначена для тех, кто интересуется историей, настоящим и будущим высшего аграрного и технического образования в Западном Казахстане.


Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық университеті = Западно-Казахстанский аграрно-технический университет им. Жангир хана: история и современность (1963-2008гг.) = West Kazakhstan agrarian technical university after Zhangir khan : жарнамалық кітапшасы / ред. Г. К. Молдашев. – Орал : [б. и.], 2008. – 23 б.

Бұл жарнамалық кітапша Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 45 жылдық тарихына арналған. Университеттің даму стратегиясы, құрылымы және факультеттері туралы қысқаша ақпарат берілген. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді. Оқырмандардың кең ауқымына арналған.


Ерлікке тағзым : ғұмырнамалық жинақ. 1-кітап : Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті бойынша / Б. Б. Траисов [и др.] ; ред. Қ. Қ. Бозымов. – Орал : “Дастан”, 2005. – 168 б.

Жинаққа Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде кезінде еңбек еткен Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері және бүгінгі күні осында балалары жұмыс жасайтын ардагерлер туралы мақалалар еніп отыр. Бұл кітап Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегін келер ұрпақтың мәңгі есінде қалдыру үшін және жастарды майдангерлердің ерлік рухында отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында шығарылды.


Западно-Казахстанский Аграрно-Технический Университет им. Жангир-Хана: История cтановления и развития / Бозымов, К. К. [et al.]. – Уральск : ЗКАТУ, 2003. – 160 с.

Книга посвящена истории становления, развитию и современному состоянию ЗКАТУ – крупнейшему аграрно-техническому вузу Республики Казахстан. Она предназначена не только выпускникам, студентам, абитуриентам, преподавателям и сотрудникам университета, но и для тех кто интересуется историей становления высшего агроинженерного образования в Западном Казахстане.


Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті ғалымдарының ғылыми еңбектерінің библиографиялық көрсеткіші = Библиографический указатель научных работ ученых Западно-Казахстанского аграрно-технического университета имени Жангир хана. – Орал : Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, 2023. – 236 б. – қазақша, орысша.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті ғалымдарының ғылыми еңбектерінің библиографиялық көрсеткішінің сегізінші шығарылымында 2018-2022 жылдар қамтылған. Басылымға ғылыми конференция жинақтары, оқу әдебиеттері, монографиялар,  электрондық оқулықтар, ғылыми мақалалар, диссертация авторефераттары, авторлық куәліктер мен патенттер, университет туралы мәліметтер енгізілген.

Facebook
Instagram