«Еңбегі – өмірінің өрнегі»

🏛✨Бүгін Жәңгір хан университетінде «Еңбегі – өмірінің өрнегі» атты іскер әйелдермен кездесу кеші өтті. Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңындағы шараны «Парасат» ақпараттық білім беру орталығы ұйымдастырды.
🔸Кездесу кешіне «Балзия» ЖШС-ның басшысы Балзия Евенеева мен жеке кәсіпкер Венера Бекбулатқызы шақырылды. Кеш қонақтары өздерінің іскерлік тәжірибелерімен, кәсіпкерліктегі табысты жолдары туралы әңгімеледі.
💐Шара барысында қонақтарымызға гүл шоқтары табысталып, құрмет көрсетілді. Ал өнерлі студенттер кешті ән-бимен көркемдеп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Facebook
Instagram