11 сәуір күні Қозы Көрпеш-Баян Сұлу ғашықтар күніне орай «Ғашықтар әлемі» атты әдеби байқау өтті. Шараға әр институт білім алушыларынан құралған жұптар қатысты. Шара 3 кезеңнен тұрды. Ең алдымен жұптар өздерін таныстырды. Екінші кезеңде өз өнерлерін ортаға салса, үшінші кезеңде сұрақтарға белсене жауап беріп, білімдерін шыңдады. Ең белсенді жұп «Қозы – Баян» номинациясымен Агротехнологиялық институтынан шыққан Нұрланов Мейрлан мен Сагидуллаева Дильназ, «Өнерлі жұп» номинациясымен Индустриалды-технологиялық институттан шыққан Нұртаев Асылжан мен Есенгалиева Амина, «Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институтынан шыққан Абенов Әзілхан, Серікқалиева Айша «Көрермен көзайымы» атанып, естелік сыйлықтармен марапатталды.
![](https://elib.wkau.kz/wp-content/uploads/2023/04/1-1024x734.jpg)
![](https://elib.wkau.kz/wp-content/uploads/2023/04/2-1-1024x804.jpg)
![](https://elib.wkau.kz/wp-content/uploads/2023/04/3-1024x754.jpg)