🏛✨Бүгін Жәңгір хан университетінде «Еңбегі – өмірінің өрнегі» атты іскер әйелдермен кездесу кеші өтті. Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңындағы шараны «Парасат» ақпараттық білім беру орталығы ұйымдастырды.
🔸Кездесу кешіне «Балзия» ЖШС-ның басшысы Балзия Евенеева мен жеке кәсіпкер Венера Бекбулатқызы шақырылды. Кеш қонақтары өздерінің іскерлік тәжірибелерімен, кәсіпкерліктегі табысты жолдары туралы әңгімеледі.
💐Шара барысында қонақтарымызға гүл шоқтары табысталып, құрмет көрсетілді. Ал өнерлі студенттер кешті ән-бимен көркемдеп, мерекелік көңіл күй сыйлады.
![](https://elib.wkau.kz/wp-content/uploads/2024/03/whatsapp-image-2024-03-05-at-17.44.42-1-768x1024.jpeg)
![](https://elib.wkau.kz/wp-content/uploads/2024/03/whatsapp-image-2024-03-05-at-17.44.42-2-768x1024.jpeg)
![](https://elib.wkau.kz/wp-content/uploads/2024/03/whatsapp-image-2024-03-05-at-17.44.42-3-1024x768.jpeg)
![](https://elib.wkau.kz/wp-content/uploads/2024/03/whatsapp-image-2024-03-05-at-17.44.43-1024x768.jpeg)
![](https://elib.wkau.kz/wp-content/uploads/2024/03/whatsapp-image-2024-03-05-at-17.46.58-1024x768.jpeg)