Біз туралы

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың «Парасат» Ақпараттық білім беру орталығы  1963 жылы Ауыл шаруашылығы институтының ашылуымен бір мезгілде құрылды. 1964 жылы кітапханада 10 700 бірлік басылым болса, қазіргі уақытта кітап қоры 800 мыңнан астам, 9 798 электрондық ресурстарды және 61 254 900 қашықтан оқылатын лицензиялық электрондық құжаттарды құрайды.

1982 жылы кітапхана ауданы 2912,4 м² болатын жаңа типтік үш қабатты ғимаратқа көшті.

2018 жылы Ғылыми кітапхана «Парасат» Ақпараттықбілім беру орталығы (қазір «Парасат» АББО) болып өзгертілді.

Біздің миссиямыз: қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып,  білім беру, ғылыми-зерттеу процестерін ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету, пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін арттыру.

«Парасат» АББО-ның негізгі міндеттері:

• «Парасат» АББО  ақпараттық ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру үшін институттармен, жоғары мектептермен байланыстың заманауи жүйесін құру;

•«Парасат» АББО заманауи ақпараттық білім беру қызметтерін қалыптастыру;

• Ғылыми коммуникацияларды дамытуға және зерттеулерді қолдауға бағытталған  «Парасат» АББО  қызметтерін қалыптастыру;

• Пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, жаңа технологиялар негізінде кітап және ақпарат қорын тиімді пайдалануға үйрету;

• Пайдаланушыларға қызмет көрсетуді толық және жедел анықтамалық библиографиялық және ақпараттық қамтамасыз ету;

Пайдаланушылар қызметінде: оқу залы (оқу әдебиеті мен ғылыми салалық журналдар), электронды ресурстар залы (жеке жұмыс үшін компьютерді пайдалану, мәліметтер базасымен жұмыс істеу бойынша кеңестер), оқу абонементі,көркем әдебиеттер  абонементі (оқулықтар 1 семестрге, көркем әдебиет 2 аптаға беру), ғылыми-библиографиялық қызмет (библиографиялық құралдар шығару, библиографиялық сұраныстарды орындау).

2019 жылдың қараша айынан бастап коворкинг орталығы жұмыс істейді. Коворкинг бірлескен жұмыс аймағы (бизнес-идеяларыңызды, шығармашылық жобаларыңызды талқылау және т.б.), жеке жұмыс аймағы (мерзімді басылымдарға ашық қолжетімділікпен),  және тренингтер, семинарлар және басқа да іс-шараларды өткізу  аймағы деп үшке  бөлінген.

Біздің орталықта екі үлкен холл  бар, пайдаланушылардың жеке кітапханаларынан кітаптар алмасуға арналған Буккроссинг сөрелері (Bookcrossing) орнатылған. Бүкіл орталықтың периметрі бойынша кез келген пайдаланушы тегін Wi-Fi ды пайдалана алады.

«Парасат» АББО  соңғы технологияларды белсенді түрде меңгеруде. Халықаралық стандарттардың библиографиялық сипаттамасына сәйкес келу үшін КАЖ «IRBIS 64+» заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету қолданылады. 2023 жылдың басынан орталықта дәстүрлі оқырман формулярын электронды түрге ауыстыруға мүмкіндік беретін Wallet жүйесі енгізілді, әр пайдаланушы сайтқа тіркелген кезде оны телефонына жүктей алады.Тіркелу үшін университет қызметкерлері мен студенттерінің ID-карта номерін енгізу қажет. Электрондық оқырман билеті ағымдағы оқырманның берешегі туралы барлық ақпаратты, соның ішінде құжаттарды қайтару мерзімдері мен олардың сақталуын бақылауға мүмкіндік береді, бұл әдебиеттерді қайтарудың кешігуіне байланысты келеңсіз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Электронды ресурстар залында «Эларскан A2-400R» планетарлық сканері орнатылған, оның көмегімен орталық пайдаланушылары таңдалған әдебиеттердің қажетті беттерін сканерлеп, оларды электрондық поштасына немесе USB флэш-дискісіне жібере алады.

Веб-сайтта «Электрондық каталог» бөлімінде авторизацияланған пайдаланушылар қордағы басылымдарды іздеп, толықмәтінді электрондық кітапханаға, деректер базаларына сілтеме арқылы шыға  алады.

Электрондық кітапхана, Web-кабинет – толық мәтіндік базалары сайтта авторизацияланған пайдаланушылар үшін қолжетімді.

Электрондық кітапхана – навигациялық және іздестіру құралдарымен жабдықталған электронды құжаттардың реттелген жинағы. Электрондық кітапхана мазмұнының маңызды бөлігін БҚАТУ қызметкерлерінің еңбектерінің сандық көшірмелері құрайды: оқу-әдістемелік құралдар, монографиялар, диссертациялар мен диссертациялардың авторефераттары, мерзімді басылымдар мен ағымдағы басылымдар.

Web-кабинет –  «Парасат» АББО орталығының жаңадан келген кітаптарына қашықтан қол жеткізуіне арналған.Сізді қызықтыратын журналдан немесе кітаптан кез келген мақаланы әлемнің кез келген жерінен және әрбір  құрылғыдан сұрай аласыз. Өтініштер үш жұмыс күн ішінде өңделеді. Сұраныс нәтижесі сұрау жасалған бетте болады.

Репозиторий – Жәңгір хан атындағы БҚАТУ басылымдарында немесе басқа басылымдарда өз материалдарын жариялаған және оларды интернетте орналастыру құқығын университетке берген университеттің профессор-оқытушылар  құрамының құжаттарының ашық электронды мұрағаты.

«Онлайн қызметтер» бөлімі Электрондық құжатты жеткізуді (ЭҚЖ), анықтама қызметін( сіздің сұрағыңыз) пайдалануға, ғылыми журналды тексеруге, библиографиялық тізімдерді өңдеуге, ӘОЖ, КБЖ, MRNTI, JEL тағайындау туралы ақпарат береді.

«Парасат» АББО  қатысатын халықаралық жобалары: МАРС(Аймақаралық аналитикалық  мақалаларды сипаттау), Электрондық құжаттарды жеткізу АРБИКОН(Аймақтық кітапханалар консорциумдарының қауымдастығы), СЭБ «Лань», РМЭБ жобасында (Республикалық ЖОО аралық электронды кітапхана), бұл жобалар пайдаланушыларға заманауи ақпараттық дерекқорларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Біздің пайдаланушылар ұлттық лицензия бойынша WebofScience – ClarivateAnalytics компаниясы, Scopus рефератифтік және ScienceDirect толық мәтінді ресурстары (Elsevier компаниясы), халықаралық базаларына қол жеткізе алады. «Лань»  электрондық кітапхана жүйесі,  eLIBRARY.Ruғылыми журналдар, бизнес жаңалықтары Polpred.com. лицензияланған ресурстары да қолжетімді.  Сондай-ақ біздің сайттағы әрбір қолданушы Ашық интернет ресурстарымен де таныса алады.

Университеттің ақпараттық білім беру және мәдени орталығы бола отырып, «Парасат» Ақпараттық білім беру орталығы жоғары сапалы білім беру мен жоғары білікті мамандарды дайындауда университеттің білім беру бағдарламаларының стандарттарына сәйкес келетін кітап қорымен, заманауи электрондық ресурстармен қамтамасыз етеді; жоғары мектептермен байланыса отырып: пайдаланушылардың қажеттіліктерін талдайды, ақпараттық қызмет көрсетеді, жаңа әдебиеттер көрмелерін, оқыту семинарларын, мәдени іс-шараларды жүйелі түрде өткізеді. Университеттің тұрақты білім беру және ғылыми дамуында «Парасат» АББО  өз пайдаланушылары үшін қолайлы жағдайларды ұйымдастыруға ұмтылады. Орталықтың барлық жұмысы пайдаланушының өзін жайлы сезінуіне, қажетті ақпаратты дер кезінде алуына  бағытталған.

Facebook
Instagram