«Парасат» АББО-ның оқу процесіне қажетті басылымдарға тапсырыс қабылдау тәртібі

Тапсырыс арнайы «Тапсырыс бланкі» бойынша salemoffice қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

  1. Тапсырыс жасалмас бұрын ең алдымен басылымның «Парасат» АББО-ның қорында барын немесе жоқ екенін электронды каталогтан тексеру қажет.
  2. Тапсырыста білім беру бағдарламасының және оқытылатын пән атауы толық көрсетілуі керек.
  3. Тапсырыс жасалған кезде бұл басылымның оқулық немесе ғылыми  басылым екені көрсетілуі қажет.
  4. Тапсырыс жоғары мектеп оқытушыларымен келісіліп, жоғары мектеп жетекшісінің атынан жасалуы қажет. Одан әрі қарай  «Парасат» АББО-ның директорымен,  «Ақпараттық жүмыс басқармасы» басшысымен, «Ректор аппараты» басшысы, «Білім беру менеджменті және мониторинг басқармасы» басшысымен «Басқарма төрағасы – ректордың орынбасары, оқу жұмыстары жөніндегі проректормен» және  «Басқарма төрағасы – ректордың орынбасары, стратегиялық даму және қаржы жөніндегі проректормен» келісілуі тиіс.

Қажеттілігі мен оқырман сұраныстарын ескере отырып, «Парасат» АББО тапсырыс жасалатын басылымдардың санына өзгерістер енгізуге құқылы.

Шетел баспалары Отандық баспалар
«Академия-Медия» ЖШС Алматы Менеджмент Университеті
«Тонкие наукоемкие технологии» ЖШС «Жоғары білім» баспасы
«Лань» баспасы «Лантар Букс» баспасы
«Н-Пресс» баспасы
«Фортуна-Полиграф» баспасы
«Альманахъ» ЖШС
«Эрудит» ЖШС
«Отан» баспасы
«Эверо» баспасы
«Қазақ университеті» баспа үйі
«Дарын» баспасы
«MEDET-Group» ЖШС
«LP-Zhasulan» ЖК
Facebook
Instagram