Әдеби кеш Алаш қайраткері, ақын, жазушы М.Дулатовтың 140 жылдығына арналды.
Студенттер қазақ әдебиетіндегі алғашқы романның жазылу тарихымен және автордың өмір жолымен танысып, спектакль үзінділерін тамашалап, кітап пен қойылымды салыстыра талдады.
Кеш соңында жастар өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді.
«Бақытсыз Жамал» романы «100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасы бойынша таңдалған туындылардың бірі.
Іс-шараны «Парасат» ақпараттық білім беру және Тілдерді дамыту орталықтары бірлесе ұйымдастырды.





