«100 кітап» жобасы аясында Жазушы, Совет Одағының Батыры, «Халық қаһарманы» Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл.»Ұшқан ұя» – жастарға арналған TED-style сөйлеу форматы.

Жәңгір хан университетінде «100 кітап» республикалық жобасы аясында Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіне арналған әдеби кеш өтті.

Әдеби іс-шара Кеңес Одағының Батыры, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналды.

Шараны Құрманғазының «Адай» күйімен бастап, Б.Момышұлының өмірімен таныстырып, «Ұшқан ұя» повесті бойынша көріністен үзінділер қойылды. Кеш Дәулеткерейдің «Көроғлы» күйімен аяқталды.

Әдеби кешті «Парасат» ақпараттық білім беру орталығы мен Тілдерді дамыту орталықтары бірлесе ұйымдастырды.