Коворкинг орталығында философия ғылымдарының докторы, профессор Тілекжан Рысқалиевпен тағылымды кездесу өтті.
«Парасат» ақпараттық білім беру және Тілдерді дамыту орталықтары бірлесе ұйымдастырған шара ойшыл ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналды.
Кездесуді «Парасат» ақпараттық білім беру орталығының директоры Айгүл Базарқызы жүргізсе, алдымен сөз алған тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Ұзақбайұлы шараның маңыздылығына тоқталды.
Абай шығармашылығын философиялық тұрғыдан зерттеп, еңбектер жазып жүрген ғалым – ұстаз Тілекжан Хасенұлы ұлы ойшылдың даналық ілімдері туралы асерлі ой қозғап, жастарды Абайды тереңірек тануға шақырды. «Абайды қазақ халқының емес, бүкіл адамзаттың ұстазы деп есептеймін» деген философ ғалым Т.Рысқалиев білім алушылардың сауалдарына жауап берді.
Студент жастар да хакім Абайдың өлеңдерін оқып, шараның мән-маңызын арттыра түсті.






