Ұлттық кітап күніне орай «Кітапхана түні» өтті. 23 қазан күні «Парасат» ақпараттық білім беру орталығы ұйымдастырған дәстүрлі іс-шара биыл Ұлттық кітап күнімен орайластырылды. Алдымен сөз алған университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Ұзақбайұлы бұл дәстүрлі іс-шара Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысының қолдауымен 23 сәуір – Ұлттық кітап күні ретінде белгіленген атап өтті. «Парасат» ақпараттық білім беру орталығында дәстүрлі «Кітапхана түні-2025» іс-шарасына арнайы шақырылған қонақтары – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын-жазушы Мұнайдар Балмолдмен кездесу өтті ақын Нұрлан Сәдір «Қазақтың Аманжолы» атты кітабының таныстырылымы өтті. «Кітапхана түні» шарасы аясында түрлі интеллектуалды ойындар, кітап көрмелері, кітап алмасу үрдісі, қолөнер шеберлерінің шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.


