«Рухани уақыт: поэзия әлемі, проза шыңы» жобасы аясында «Шабытыңды оят» атты іс-шара өтті.

      Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Парасат» ақпараттық білім беру орталығында Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК және қаланың ЖОО бірлесе өткізген  «РУХАНИ УАҚЫТ: поэзия әлемі, проза шыңы» жобасы аясында «Шабытыңды оят!» атты әдеби шара өтті.

      Шараны Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Ақылбек Ұзақбайұлы ашты.

      Жобаның бұл кезеңі мотивация бағытында болғандықтан Қайрат Жолдыбайұлының «Кемел адам» кітабын студенттеріміз Марс Әлихан «Тайм-менеджмент», Жолдыбаева Ақбота «Эмоциялық зерде», Марат Саят «Қаржылық сауат» тақырыптарында мысалдар келтіре отырып таныстырды.

      Әдеби шараға басқа да оқу орындары белсене қатысып, мотивациялық ортақ тақырып төңірегінде қатысушылармен өзара пікір алмасу ұйымдастырылды.

Leave a Comment