Құрметті оқытушылар, докторанттар, магистранттар!

Сіздерді Clarivate компаниясының ZOOM платформасында өтетін тегін вебинарларына шақырамыз.
Барлық вебинарларға тіркелу ашық.
Вебинар уақытының кем дегенде 90% қатысқан қатысушыларға электронды сертификат жіберіледі.
Назар аударыңыз: вебинарлардың басталу уақыты Астана уақытымен көрсетілген (GMT+6). 13 мамыр
Тақырып: Ғылыми мақала жазу (2): жариялау процесі және журнал форматына сай рәсімдеу
Тезистер: Екінші вебинарда мақаланы жариялау процесі, рецензиялау, мақаланың құрылымы, сондай-ақ EndNote сілтеме менеджерімен жұмыс істеу мәселелері қарастырылады. Тіркеу формасындағы сұрақтарға жауап беріледі.
Уақыты: 14:00–14:45 (GMT+5 — Уақытыңызды мына жерден нақтылаңыз)
Тіркелу: https://us02web.zoom.us/webinar/register/WN_b9P0QiauQgmjzVaAAq6Xrg

20 мамыр
Тақырып: Web of Science – ғылыми қызметтегі мүмкіндіктер
Тезистер: Web of Science жайлы жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар беріледі. Бұл базаны кім, қашан және не үшін құрды? Онда не индекстеледі? Web of Science не үшін қажет? Тегін жариялануға бола ма? Дұрыс импакт-фактор қалай анықталады? Өз мақалаңызды Web of Science базасына қалай қосуға болады? Ұсынылып жатқан конференция не монография индекстеле ме? Үйден Web of Science қолдануға бола ма? Бұл ресурс маған не үшін қажет? Неліктен диссертация қорғау үшін Web of Science-та индекстелген мақала маңызды?
Уақыты: 14:00–14:45 (GMT+5 — Уақытыңызды мына жерден нақтылаңыз)
Тіркелу: https://us02web.zoom.us/webinar/register/WN_ImcLoN97TaaMehmVwRwAYg

27 мамыр
Тақырып: Зерттеу ландшафтының картасын жасаңыз: зерттеу бағытын талдау және алға шығу
Тезистер: Бұл вебинарда халықаралық ғылыми-зерттеу қызметін қалай зерттеп, таңдаған тақырып бойынша өзіңізге бағыт құруға болатынын үйренесіз. Соңғы жаңалықтарды бақылау, үздік мақалалар мен журналдарды, жетекші сарапшыларды табу жолдарын қарастырамыз. Мемлекеттік және жекеменшік секторлармен серіктестік, қаржыландыру, нәтижелерді сақтау мен визуализациялау үшін қуатты аналитикалық құралдармен танысасыз.
Уақыты: 14:00–15:00 (GMT+5 — Уақытыңызды мына жерден нақтылаңыз)
Тіркелу: https://us02web.zoom.us/webinar/register/WN__exCUMztQhiswXwhVWG5Nw

Facebook Instagram