2025 жылғы 18 қарашада «Парасат» ақпараттық-оқу орталығының оқу залында әлемдегі жетекші ғылыми-ақпараттық ресурстардың бірі — CAB Abstracts платформасының онлайн-презентациясы өтті.
Оқытушылар, докторанттар және магистранттар қатысқан шара платформаның мүмкіндіктерімен, функционалымен және ғылыми-зерттеу қызметіндегі маңыздылығымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Қатысушылар деректер базасының құрылымы, ғылыми әдебиеттерді іздеу ерекшеліктері және ғылыми жұмыстар мен зерттеулерді әзірлеу барысында ресурсты тиімді пайдалану тәсілдері туралы ақпарат алды.
Кездесу қорытындысы бойынша пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, CAB Abstracts ресурсын пайдалану бойынша практикалық ұсыныстар алды.
«Парасат» ИОЦ ғылымды қолдауға және білім сапасын арттыруға бағытталған заманауи ақпараттық ресурстарды енгізуді жалғастыруда.
Кітапханаға сілтеме: CABI Digital Library – Home




