Бүгін Жәңгір хан университетінде «Кеудесіне періште қонған ақын» атты әдеби кеш өтті. «Парасат» ақпараттық білім беру орталығы және Тілдерді дамыту орталықтары бірлесе ұйымдастырған іс-шара Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығымен орайластырылды. Бұл кешке «Қадыр Мырза Әлі» қоғамдық қорының директоры, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, әнші-композитор Донеділ Қажымов арнайы шақырылды.
Кеш барысында Донеділ Ізмағамбетұлы өзінің Қадыр ақынмен таныстығы, өзара ақындық және сазгерлік шығармашылық байланыстары, қаламгердің ерекше қасиеттері туралы сөз қозғап, әсерлі естеліктерді әңгімелеп, ақынның сөзіне жазылған әндерін орындады.
Ал білім алушылар Бекжан Ақанұлы мен Нұрберген Романұлы өздерінің Қадыр ақынға арнаған туындыларын оқыса, Ляйля Қалиева Қадыр ақынның өлеңін оқып берді.


