CNKI деректер қорына тестілік қолжетімділік

Құрметті оқытушылар, докторанттар және студенттер!

Университетіміз China National Knowledge Infrastructure (CNKI) деректер қорына тестілік қолжетімділік алғанын хабарлауға қуаныштымыз.

Қолжетімділік 31 қазанға дейін жарамды.

China National Knowledge Infrastructure (CNKI) – әлемдегі ең ірі қытай ғылыми ақпаратын жеткізуші. CNKI деректер қоры мынадай кешенді сандық ресурстарды ұсынады:

• ғылыми журналдар;

• диссертациялар;

• электронды кітаптар;

• газеттер мен конференция материалдары.

Ресурсқа сілтеме:

Тестілік қолжетімділік Жәңгір хан атындағы БҚАТУ аумағындағы кез келген компьютерден іске асады.