«Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы аясында Тәкен Әлімқұлов және Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларын оқу

2025 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында әдебиетімізде өзіндік қолтаңбаларын қалдырған екі автордың шығармаларын бүкіл ел болып оқимыз. Олар Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденов — бұл есімдер қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихында мәңгі қалады.

«Парасат» АББО-да панельдік талқылау  өтті. Іс шара Мемлекеттік Әнұранмен басталды. «Менің Қазақстаным» әнұраның сөзін жазған авторлардың біреуі Жұмекен Нәжімеденов болатын. Студенттер Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» шығармасын талқылап, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар Жұмекен Нәжімеденовтің өлеңдері оқылып, жақсы әсер қалдырды. Сондай-ақ, шарада Наурызбай Бекнұр домбырамен күй орындап, гитарада Болат Альфия ән шырқады.

Facebook Instagram