«“Парасат” АББО ақпараттық ресурстарын пайдалану»
«Парасат» АББО орталығында бірінші курс студенттеріне арналған оқыту семинарлары басталды. Іс-шаралар «“Парасат” АББО ақпараттық ресурстарын пайдалану» тақырыбына арналды.Семинар барысында студенттер электрондық дерекқорлармен, ақпарат іздеу құралдарымен және орталықтың сервистерімен танысады. Мұндай кездесулер бірінші курс студенттерінің оқу үдерісіне тез бейімделуіне және қолжетімді ресурстарды тиімді пайдалануына көмектеседі.


