Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Парасат» ақпараттық білім беру орталығы мен «Фатима» қыздар клубының ұйымдастыруымен «100 кітап» жобасы аясында ақын Ақұштап Бақтыгерееваның «Ана әлдиі» кітабы бойынша поэзия кеші өтті.
Мақсаты: «Ақ Жайықтың ақ шағаласы» атанған Ақұштап Бақтыгерееваның өмірі мен шығармашылығын таныстырып, жыр шумақтарын, әңдерін айта отырып, студенттер бойына нәзіктік, қарапайымдылық, сүйіспеншілік, патриоттық сезімді дамыту.
Поэзия кешіне университеттің 1,2 курс студенттері қатысты. «Фатима» қыздар клубының мүшелері ақын өлеңдерін оқып, сөзіне жазылған әндерін орындады. Ақұштап ақынның жырлары ойлылығымен, көркем тілімен, нәзік сезімімен жастар жүрегінен орын алды.







