Жаңалықтар

11 сәуір күні Қозы Көрпеш-Баян Сұлу ғашықтар күніне орай «Ғашықтар әлемі» атты әдеби байқау өтті. Шараға  әр институт білім алушыларынан құралған жұптар қатысты. Шара 3 кезеңнен тұрды. Ең алдымен жұптар өздерін таныстырды. Екінші кезеңде өз өнерлерін ортаға салса, үшінші кезеңде сұрақтарға белсене жауап беріп, білімдерін шыңдады. Ең белсенді жұп «Қозы – Баян» номинациясымен Агротехнологиялық институтынан шыққан Нұрланов Мейрлан мен Сагидуллаева Дильназ, «Өнерлі жұп» номинациясымен Индустриалды-технологиялық институттан шыққан Нұртаев Асылжан мен Есенгалиева Амина, «Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институтынан шыққан Абенов Әзілхан, Серікқалиева Айша «Көрермен көзайымы» атанып, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Facebook
Instagram